Павлодар облысының Железин және Тереңкөл аудандарында да құс тұмауы тіркелді. Жаңақұрылыс, Ақтау ауылдарында 2 мыңнан астам құс қырылып қалды. Енді осы 2 ауылда карантин енгізіледі. Сондай-ақ, бұл елді мекендердегі барлық үй құстарының көзі жойылады. Ал иелеріне нарықтағы бағамен өтемақы төленеді. Сондай-ақ, Павлодардың іргесіндегі Кенжекөл ауылында да жол бойында құстардың өлекселері табылған.
Ольга Скокова, Кенжекөл ауылының тұрғыны:
- Аурудан қырылып қалған болар деп ойладым. Себебі өлексе өте көп болды. Олардың көзін жою керек. Иттердің барлығы айналаға тасып жүр. Ауру бүкіл ауылға жайылып кетсе сұмдық емес пе?!
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысының екі ауданында құс тұмауы тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131296/)