Атырау облысына қарасты Құлсары қаласында коронавирусқа шалдыққан соңғы екі науқас жазылып шықты. Олар Жылылой ауруханасының инфекциялық бөлімінде емделген. Пациенттің бірі 79 жаста, ал екіншісі 67-де. Ауданда эпидахуал тұрақты. Соңғы бір аптада бірде-бір инфекция жұқтырған тұрғын тіркелген жоқ.
Нұрбек Үкібаев Жылыой аудандық емханасының бас дәрігері:
- Жағдай тұрақталып, дерт жұқтыру оқиғалары басылып, алдын алу шаралары жалғасады.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құлсарыда коронавирустан соңғы науқас сауығып шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131316/)