Мұнай бүгін күрт арзандады. BRENT маркасы 4 пайызға құнсызданып, 41,4 долларға, WTI 39,48 долларға сатыла бастады. Бұған коронавирустың екінші толқыны басталады деген ақпарат әсер еткен. Яғни, әлем экономикасы қайта әлсіреп, шикізатқа деген сұраныс азаяды.
Сондай-ақ Ливиядағы қара алтын өндірісінің қайта жандануы да бағаның төмендеуін жылдамдатқан. Ал мұнай бағасының өзгеруі доллардың қымбаттауына әкеліп соқты. Қор биржасындағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша 1 доллар 423 теңгеге теңесті. Соңғы 2 күнде шетел валютасы төл теңгеге шаққанда 2,33 теңгеге қымбаттап отыр.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұнай бағасы күрт арзандады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131321/)