Алматы облысының Шонжы ауылында салынып жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешені құлап қалды. Абырой болғанда, жұмысшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Құрылысқа жалпы құны 1 млрд 171 млн теңге бөлінген. Нысанның құрылыс жұмысы 2019 жылы басталып, биыл жыл соңында аяқталуы тиіс болған.
Қазір апат болған жерге арнайы комиссия келіп, тергеу жүргізіп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысының Шонжы ауылында 1,2 млрд теңгеге салынып жатқан спорт кешені құлады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131343/)