Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады. Президентке бүкіләлемдік пандемияға қарамастан ұлы Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы және ТМД елдерінің биылғы мәдени астанасы Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған іс-шаралардың мазмұнды түрде жүзеге асуы туралы ақпарат берілді.
Кездесуде Мемлекет басшысы келесі жылы өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы мемлекеттік комиссияға саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде нақты іс-шара қабылдауды міндеттеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131356/)