![Прокурор Жомарт Ертаевқа 11 жыл жаза сұрап отыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/9/24/1600922293229.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Прокурор экс-банкир Жомарт Ертаевқа 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр. Бұл туралы Алматының Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекеттік айыптау күдіктінің кінәсін жеңілдету фактілерін ескерді: Ертаев кінәсін мойындады, қылмыстық істі тергеуге көмектесті, шығынды ішінара өтеді, сондай-ақ ол - кәмелет жасына толмаған балалардың әкесі. Прокурор аса ауыр жаза мен онша ауыр емес жазаны біріктіру арқылы 11 жылға соттауды сұрады. Онымен қоса мүлкін тәркілеу, 5 жыл материалдық жауапкершілікпен байланысты коммерциялық және қаржы қызметінен айналысу құқынан айыру, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді талап етті», - делінген хабарламада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Прокурор Жомарт Ертаевқа 11 жыл жаза сұрап отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131428/)