Бүгін еліміздің кейбір аймақтарында үсік жүруі мүмкін. Қазгидромет мамандарының сөзінше, бүгін-ертең Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында жаңбыр жауып, ауа райы күрт төмендеп кетеді. Сондай-ақ солтүстік өңірлерде де жаңбыр жауып, жел күшейеді. «Ал апта соңына қарай елдің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек батыс аймақтарда ғана күн райы жылы болады», - дейді синоптиктер.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кей өңірлерде үсік жүруі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131440/)