![Биыл 10 мыңға жуық адам қандас мәртебесін алды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/9/25/1601011559410.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл 10 мыңға жуық адам қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 9,9 мың адам тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 67,2 мың этникалық қазақ оралды.
Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (59,1%) Қытайдан, 25,6% Өзбекстаннан, 8,8% Түрікменстаннан, 3,5% Моңғолиядан және 3% басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (54,6%) және Маңғыстау (12,7%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,1%) қоныстанды.
«Келушілердің ішінде 60%-дан астамы еңбекке жарамды жаста, ал шамамен 5%-ы ғана зейнеткерлер. Қандас мәртебесін алғандар, Қазақстан азаматтарымен қатар, Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар аясында, Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс таба алады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің көші-қон мониторингі басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл 10 мыңға жуық адам қандас мәртебесін алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131494/)