Австралияның Тасмания штатының жағалауынан табылған 500-ге жуық киттің 88-і құтқарылды. Мұны «Ассошиэйтед Пресс» агенттігі хабарлап отыр. Дегенмен өзге бір мәліметтерге қарағанда, алып жануарлардың көпшілігі өліп қалған. Пилот-киттер неліктен жағалауға секіреді? Бұл сауалдың жауабы әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр. Дегенмен кей ғалымдардың пікірінше, киттер навигациялық қателік жасап немесе аштықтан мұхит жағалауына шығып қалған болуы мүмкін.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Австралияда теңіз жағасына шығып қалған 88 кит құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131513/)