Мәскеуде індеттің өршуіне байланысты сақтық шаралары қайта күшейтілді. 65-тен асқандар мен созылмалы ауруы барларға үйден шығуға шектеу қойылды. Қызметкерлердің басым бөлігі қайтадан онлайн жұмысқа көшеді. Қазір Ресей астанасында ауру жұқтырғандар 300 мыңға жуықтады, жалпы елде індет құрығына ілінгендер 1 млн 200 мыңға жетті. Маска тағу режимін сақтамағаны үшін 43 сауда орны 3 айға жұмысын тоқтатты. Коронавирустың екінші толқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Шетелдіктерге 15 желтоқсанға дейін Ресейде тіркеусіз жүруге рұқсат етілді.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеуде COVID-19-ға байланысты сақтық шаралары күшейтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131520/)