![Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүруі мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/9/28/1601274266655.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазан айының басында еліміздің оңтүстігінде үсік жүруі мүмкін. Синоптиктер алдағы үш күнге (29 қыркүйек-1 қазан) арналған ауа райы болжамын жариялады.
«29 қыркүйек-1 қазан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігіне антициклон әсер етіп, кей жерлерде жаңбыр жауады. Республика бойынша кейбір өңірде тұман түсіп, жел күшейеді, қиыр оңтүстікте үсік жүруі мүмкін», - делінген Қазгидромет мәліметінде.
Фото: pixabay.com
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүруі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131578/)