Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар 1 миллионға таяу. Ал оны жұқтырғандар 33 миллионға жуықтаса, АҚШ-та 7 миллионнан асып кетті. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті таратып отыр.
Америкада індетке шалдыққандар Флоридада, Калифорнияда, Техаста 700 мыңнан асты. Сонымен қатар осындай науқастар Нью-Йорк пен Нью-Джерсиде де көбейіп келеді.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Үндістанда да эпидахуал жақсармай тұр. Мұнда коронавирус жұқтырғандар 6 миллионнан асып, тәулігіне олардың саны шамамен 80 мыңға артып отыр. Ал дүниежүзі бойынша Үндістан коронавирусқа шалдыққандар саны бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 млн-ға жауықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131591/)