Армения мен Әзірбайжан әскерлері арасындағы қақтығыс түні бойы тоқтамай, бүгін екінші күнге ұласты. Қаза тапқандардың саны 21-ге жетіп, жүздегені жараланған. Тараптар бір-бірін артиллерия қолданды деп айыптап отыр. Әзірбайжан сыртқы істер министрлігі елдің алты бейбіт тұрғыны мерт болғанын және 19-ы жараланғанын хабарлады. Ал осы елдің қорғаныс министрлігінің дерегінше, Армения 550-ден астам жауынгерін жоғалтқан. Бірақ ресми Ереван бұл ақпаратты растамады. Таулы Қарабақ қарулы күштері болса, опат болған сарбаздар туралы видеоны көрсетті. Олардың үстінде – Әзірбайжан униформасы. «Интерфакстің» дерегінше, жанжал барысында 200-дей армениялық жараланған.
Таулы Қарабақта әскери жанжалдың осы жолы не үшін басталғаны әзірге белгісіз. Тараптар қазір бір-бірін айыптап отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таулы Қарабақта қарулы қақтығыс жалғасып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131596/)