Өзбекстан 8 айда Қазақстаннан 2700 автокөлік сатып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан 8 айда Қазақстаннан 2700 автокөлік сатып алған

29.09.2020
Өзбекстан 8 айда Қазақстаннан 2700 автокөлік сатып алған

2020 жылдың қаңтар-тамыз аралығындағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 1,765 млрд долларды құрады. Оның ішінде экспорт - 553,9 млн доллар, импорт - 1,211 млрд доллар. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік комитеті хабарлады.  

Осылайша, статистикалық мәліметтерге сенсек, Қазақстанның Өзбекстанмен сыртқы сауда балансының оң сальдосы 657 млн доллардан асқан.

Осы көрсеткіштер арқылы Қазақстан Өзбекстанның сыртқы сауда айналымындағы серіктестері арасында  үшінші орынға шыққан. Бірінші орында Қытай (4,029 млрд доллар), екінші орында Ресей  (3,589 млрд доллар). 

Қазақстан Республикасы автомобиль бизнесі қауымдастығынының вице-президенті Анар Мақашева мәлім еткендей, Өзбекстан 2020 жылы Қазақстанда шығатын автомобильдердің негізгі импортері болып отыр. Оның айтуынша, 8 айда Өзбекстан нарығында Қазақстанда құрастырылған 2700  астам автокөлік сатылған, бұл - біздің елдегі автомобиль өнеркәсібіндегі экспорттың жартысы. 

Дереккөз: Qazekonomy


Хабарламаларға жазылу