![57 жастағы әйел Қазақстаннан ақша ұрлап, Дубайға қашып кеткен](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/9/29/1601364502864.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық полицейлер банктен қомақты қаражат ұрлап, Біріккен Араб Әмірліктеріне қашып кеткен 57 жастағы әйелді елге қайтарды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті мәлімдеді.
Экс-банкир бірнеше жылдан бері клиенттердің депозиттік шоттарынан жасырын аударымдар жүргізген. Сөйтіп қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін БАӘ-ға қашып кеткен. Осы жымысқы әрекетінен соң оған халықаралық іздеу жарияланды.
18 қыркүйекте әйел адам ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша Дубайда ұсталып, елге қайтарылды. Күдікті қазір уақытша ұстау абақтысында отыр. Тергеу жалғасып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=57 жастағы әйел Қазақстаннан ақша ұрлап, Дубайға қашып кеткен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131634/)