![Кинотеатрлардың қашан ашылатыны келесі аптада белгілі болады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/9/29/1601374380720.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пралиева брифингте кинотеатрлардың қашан ашылуы мүмкін екенін айтты.
«Бізде карантин талаптары кезең-кезеңмен жеңілдепжатыр. Шектеулерді жеңілдетудің келесі кезеңі Ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланады. Кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беру мәселесі осы отырыста шешіледі. Комиссия отырысы келесі аптада өтуі мүмкін», - деді ол журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Бұған дейін отандық БАҚ-та пандемия салдарынан кинотеатрлардың шығынға батып, банкротқа ұшыраудың аз-ақ алдында тұрғаны хабарланған еді.
Айгүл Абуталапқызы, Нұр-Сұлтан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кинотеатрлардың қашан ашылатыны келесі аптада белгілі болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131639/)