Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында той өткізіп жатқан мейрамхана иесі тексерушілерге есік ашпай қойған. Карантин тәртібін бұзып, мониториг тобына қарсылық көрсеткен кәсіпкерге 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Сондай-ақ сол күні жасырын той өткізген тағы екі мейрамхана анықталды. Олардың әр қайсысында 70-тен астам қонақ болған. Той иелеріне шараны тоқтатуға тура келді.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда той өткізген мейрамхана иелеріне айыппұл салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131647/)