«Індет тұсындае әлемде әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету 4 есе көбейген. Осы зорлық-зомбылық нәзік жандылардың құқықтары мен мүмкіндіктерін шектеп, гендерлік теңдікке кедергі келтіріп тұр»,-дейді Еуроодақтың гендерлік мәселелер жөніндегі бас кеңесшісі Мара Маринаки. Елші Қазақстанның гендерлік теңдік саясаты жаһан елдеріне үлгі екенін айтады. Оның пайымынша, қазақ елі қыз-келіншектердің лауазымды қызметтерде, қоғамның барлық саласында белсенді еңбек етуіне тең мүмкіндік туғызып отыр.
Мара Маринаки, Еуропалық Одақтың гендерлік мәселелер жөніндегі бас кеңесшісі, елші:
БҰҰ-ның 1325 резолюциясы аясында Қазақстан қыруар жұмыс атқарды. Әйелдер ұйымы мен азаматтық қоғам мүшелерінің өкілдері көкейлеріндегіні еркін жеткізіп, белсенді қыз-келіншектер барлық салаға жұмылдырылды. Джордж Таун институтының «Әйелдер, бейбітшілік пен қауіпсіздік» рейтингісінде Қазақстан әйел теңдігі деңгейі бойынша 43-орынға шықты.
Нұрсұлу Қасым
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде 43-орында&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131648/)