Әлемде коронавирус құрбандарының саны 1 миллионнан асты. Ең көп өлім-жітім АҚШ-та тіркеліп отыр. Мұнда жұқпалы дерттен 205 мыңдай адам қайтыс болған. Қауіпті тізімнің алғашқы бестігінде Бразилия, Үндістан, Мексика, Британия бар.
Ұлыбританияда індеттен 42 мыңдай адам көз жұмды. Бұл – Еуропа елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш. Эпидахуалдың өршуіне байланысты елде карантин талаптары күшейтіліп жатыр. Енді азаматтар шектеу шараларын сақтамаса - 1300, ал ережелерді екі рет бұзса 13 мың долларға дейін айыппұл төлейді.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемде коронавирус құрбандарының саны 1 миллионнан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131649/)