Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдап, деңгейі төмендеген Жайық өзенінің проблемасын шешуді тапсырды. Аймақ басшысы Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берді. Облыстың энергиялық сұранысы мен жолдардың жағдайын да баяндады. Президент сондай-ақ аймақтағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін түбегейлі шешуді де тапсырды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Батыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131665/)