Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Көмбе нанның дәмі» спектаклінің премьерасы өтті. Қойылымда соғыс жылдарындағы аумалы-төкпелі кезеңде Қазақстанға жер аударылған халықтың тағдыры бейнеленген.
Сол тұстағы өмір өрнегін драмаға арқау еткен Мәдина Омарованың туындысын қоюшы-режиссер Алма Кәкішева бейнелі образбен жеткізді. Ал, театр актерлары әр кейіпкердің болмыс-бітімін асқан шеберлікпен сомдады. Бастысы, сахналық шығармадағы бірлік пен ынтымағы жарасқан еңбекқор жандардың тұрмысы көрермендерді тәнті етті.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Көмбе нанның дәмі» спектаклінің премьерасы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/1317/)