Ауыл бюджетін дербес қалыптастыруда бірқатар қиындықтар бар. Бұл туралы Сенат депутаты Бақтыбай Шелпеков айтты. Нақтырақ айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің әр түрлі болуы, білікті кадрлардың тапшылығы, мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларының оқшаулығы және басқа да түйткілдер шаруаны тежеп тұр. Бұл проблемаларды егжей-тегжейлі зерделеп, қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдануы тиіс, деді сенатор. Естеріңізге сала кетейік, ауыл әкімдіктері тәуелсіз бюджет қалыптастыруға мүмкіндік алған болатын.
Бақтыбай Шелпеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Қазір өзін-өзі басқару мәселесі алдымызда тұр. Осы жерде ауыларда өзін-өзі басқару үшін оның барлығына қаржы қажет.
Армангүл Тоқтамұрат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауыл бюджетін дербес қалыптастыруда қиындықтар бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131700/)