«Бірлік» партиясы «Ауыл» партиясымен бірікпейтін болды. Соңғы шешім бүгін өткен «Бірліктің» кезектен тыс V съезінде жарияланды. «Саяси ұйымдардың ұстанымдары мен бағдары бөлек. Бірлестік бізге артықшылық бермейді»,-деді партия төрағасы Серік Сұлтанғали. Сондай-ақ съезде «Бірліктің» идеологиялық тұғырнамасының даму басымдықтары мен бағыттары қаузалды. Карантин тұсындағы ел экономикасы мен әлеуметтің әлеуметтік мәселелері де әңгіме өзегіне айналды.
Серік Сұлтанғали, «Бірлік» саяси партиясының төрағасы:
Болашағы бар партия деп сеніп жүрсіздер. Бірінші бұл. Екіншіден бәріміздің бір ғана ойымыз - еліміздің жағдайы.
Армангүл Тоқтамұрат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Бірлік» партиясының кезектен тыс V съезі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131710/)