БҚО-ның Достық ауылында бір түнде бес бірдей қораға от қойылған. Оқыс оқиға түнгі 12-мен 1-дің шамасында болды. Салдарынан 4 қора күлге айналып, қысқа деп жиналған 66 тонна шөп пен 1 тонна жем жанып кетті. Сондай-ақ тұрғындардың ірілі-ұсақты 8 бас малы мен ондаған үй құстары тірідей өртеніп кетті. Бұл осы жаздағы екінші оқиға, - дейді ауылдықтар. Елді мекеннің әр шетінен тұтанған өртті ауыздықтауға 30 өрт сөндіруші мен ондаған ауыл тұрғыны қатысты. Қазір іс полицияға тапсырылып, кінәлілер іздестірілуде.
Руслан Бисенов, Достық ауылының тұрғыны:-Тамыз айында алған шөбім түгел жанып кетті. Ештеңеде қалған жоқ. Малымыз аман.
Георгий Николейнко, Достық ауылының тұрғыны:-Көршілер жүрді, бәріміз шелекпен су тасыдық. Өрт сөндірушілер келіп бізге көмектесті.
Рауан Диәли
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-да 5 үйдің шөбін қасақана өртеп жіберген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131718/)