Құс тұмауының өршуіне байланысты Алматыда да сақтық шаралары қолға алынды. Әкімдік тұрғындардан үй құстарын тіркеуді сұрап отыр. Егер есепке алынбаса, айыппұл салынады. Қалада 8 мыңнан астам құс бар. Мамандар аурудың қауіптілігін ескере отырып, қала аумағында ұсталатын құстарды жүз пайыз тіркеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Алматымен қатар өзге өңірлерде үй құстарын вакциналау мәселесі пысықталып жатыр.
Сейітхан Телтаев, Қалалық ветеринария қызметінің бөлім басшысы:-Алматы қаласында құс тұмауы шыққан жоқ. Басқа региондардағы жағдайға байланысты алдын алу шарасын жасап, алдымен құстың есебін жүргізіп алайық.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үй құстарын тіркемесе, айыппұл салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131723/)