Шетелден келетін қазақстандықтар енді карантинге жатқызылады. Бірақ бәрі емес. Қолдарында ПТР тестілеудің анықтамасы жоқтар бірнеше күн бақылауда болады. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
Қауіптілігі жоғары 2-санаттағы елдерден келетіндерге қазір талап күшейді. Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өту кезінде шетел азаматтарында COVID-19-ға теріс нәтиже туралы анықтама болуы тиіс. Құжат 3 күнге ғана жарамды. Анықтамасы жоқтар ұшаққа отырғызылмайды. Ал қазақстандықтардың қолында ПТР нәтижесі болмаса да, елге қайтып келе алады. Тек ұшақтан түсісімен 2 күн карантинге жатқызылып, тест тапсырады. Ол үшін барлық өңірде арнайы стационарлар дайындалған.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Енді шетелден келген қазақстандықтар карантинге жатқызылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131751/)