![Атырауда 13 зиратты қиратқан адам ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/1/1601548717308.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атырау облысының полициясы аудандық полициямен бірге зираттарды қиратып, түнекті өртеген 43 жастағы адамды қолға түсірді.
«27 қыркүйек күні сағат 13:38 шамасында белгісіз біреу Қызылқоға ауданының Қоғам елді мекенінде орналасқан Мәтен қожа түнегін өртеген. Сондай-ақ ол 13 адамның зиратын, құлпы тастарын бүлдірген. Атырау облысы полиция департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмысқа күдікті ретінде 1977 жылы туған аудан тұрғыны ұстады. Ол уақытша қамауға алынды», - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 314-бабы, яғни «Өлген адамдардың мәйiті мен олар жерленген жердi қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда 13 зиратты қиратқан адам ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131754/)