Ауылдарда дәстүрлі білім беру стиліне қайта оралу қажет. Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы осылай деді. Оның сөзінше,онлайн оқыту білім сапасына әсер етіп жатыр. Әсіресе интернеті нашар жерлерде сабаққа қатысу қиындаған. 7 мыңнан аса мектептің 80 пайызға жуығы ауылдарда орналасқан. Дегенмен, дәстүрлі оқытуға көшкен күннің өзінде санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағалануы керек деді сенатор.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Депутат ауыл мектептерін дәстүрлі білім беру тәртібіне көшіруді сұрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131783/)