Елордада ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту орталығы ашылды. №1 қалалық балалар ауруханасында орналасқан нысан Елбасының «Қамқорлық» бастамасы шеңберінде бой көтерді.
Орталықта балалардың физикалық және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға арналған, қалыпты өмірлік дағдыларды үйретуге қажетті құрал-жабдықтар бар. Сондай-ақ инклюзивті білім беру кабинеттері жасақталған. Мұнда жылына ерекше 600 баланы тегін емдеу жоспарланып отыр. Ал жыл соңына дейін осындай орталықтар еліміздің 8 өңірінде ашылады.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131804/)