![Түркістан облысында есепші АӘК арналған қаражатты жымқырды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/2/1601635504874.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Түркістан облысында «Қазпошта» АҚ 2 кассир-операторына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Олар «Атаулы әлеуметтік көмек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген азаматтардың қаражатын иемденген. Бұл туралы бүгін Агенттіктің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Бигайдаров хабарлады.
Тексеру барысында күдіктілер өздерінің қызметтік жағдайын пайдаланғандығы белгілі болды.
"Бюджет қаражатын тиімді бөлу мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тұрақты бақылауында. Қабылданып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, қылмыстық статистика осы салада заң бұзу жиі болатынын көрсетіп отыр", - дейді ол.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында есепші АӘК арналған қаражатты жымқырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131810/)