«Астана LRT» жобасына қатысты іс сотқа жолданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің хабарлауынша, жобаны іске асыру барысында 5,8 млрд теңгені жымқыру дерегі бойынша іс қозғалған. Яғни, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Астана LRT» серіктестігі өкілдері мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Сотқа 7 адам тартылған.
Еске салайық, қала әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен серіктестік басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеуде жүр.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана LRT» жобасына қатысты іс сотқа жолданды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131814/)