Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Қарулы күштердің әскери және шұғыл әрекеттерге дайындығы жөнінде есебін тыңдады. Мемлекет басшысы әскери-көлік авиациясы мен инженерлік әскерді күшейту, инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Кездесуде халықаралық әскери ынтымақтастықты дамыту, кадр саясаты мен әскердің қысқы маусымға дайындығы жайлы да сөз болды.
Сондай-ақ, Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Ол Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында берілген тапсырмалар бойынша есеп берді. Білім берудің онлайн-платформасы мен аударма және терминология салаларын дамытуға қатысты мәселелер жайлы айтты.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Қорғаныс министрін қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131825/)