Мәулен Әшімбаев Сенат жанынан құрылған жас сарапшылар клубының мүшелерімен кездесті. Президент Жолдауында көрсетілген тапсырмалардың орындалуын талқылап, жастардың ойын білді. Сенат алдында тұрған негізгі міндет – Жолдауда көрсетілген барлық басымдықтарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету. Қоғамдық ұйымдар мен түрлі сала мамандарының пікірін тыңдау маңызды. Сондықтан Сенат жанынан жас сарапшылар клубы құрылды, - деді палата төрағасы. Клуб құрамында мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, әлеуметтік қолдау салалары бойынша 30-дан астам маман бар.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенат жанынан жас сарапшылар клубы құрылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131847/)