Бүгін - қазан айының бірінші жексенбісі ұстаздар күні. Дәстүрлі сюжет жасамадық, орнына Нұр-Сұлтандағы 54 мектеп-лицейдің директоры Шәкәрім Сейсенбайдан интервью алдық. 29 жастағы Шәкәрім екі магистратура аяқтаған, екіншісін Назарбаев университетінде. Ал жұмыс істеуді Таразда алғашқы жоғары білім алып жүргенінде бастаған: тәрбиеші, мұғалім болған. Жоғары оқу орнын биология бағытында аяқтаған. Еліміздегі айтулы мектептерде жұмыс істеген - Назарбаев зияткерлік мектебі, Республикалық физика-математика мектебі, «Білім-Инновация» лицейінде.
Кейін мынадай ой туды дейді: Аты аталған мектептерде барлық жағдай жасалған. Көп мәселе жалпыға ортақ білім беретін мектептерде кездеседі. Неге осы жинаған тәжірибемді кәдімгі мектептермен бөліспеске, сол мектептердің оқыту форматын өзгертуге тырыспасқа? Шәкәрім Сейсенбаймен сұхбат.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мектеп директоры Шәкәрім Сейсенбайдың «Апта» бағдарламасына берген сұхбаты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131869/)