Шымкентте соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеді. Сондай-ақ бес өңірде: Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында да тап осындай жағдай.
Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде кешегі күні 59 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталған. Ал 72 науқас жазылып, үйлеріне қайтарылған. Өкінішке қарай, 3 адам көз жұмды. Мамандардың айтуынша, індетті жұқтыру дерегінің басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Мұнда 14 тұрғын коронавирусқа шалдығып, ауруханаға жатқызылған.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте соңғы 4 тәулікте COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелген жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131896/)