Brent маркалы мұнайдың бағасы 5,63%-ға қымбаттап, 41,48 долларды құрап отыр. Ал WTI 6,48%-ға өсіп, баррелі 39,45 долларға бағаланды. Мұнай бағасының қымбаттауы төл теңгеміздің де көтерілуіне көмектесті. KASE биржасындағы сауданың қорытындысы бойынша 1 доллар 430 теңгеге теңесті. Қазір ірі қалалардағы валюта айырбастау орындарында долларды 432-433 теңгеден сатып жатқандар бар.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қара алтын құны сәл қымбаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131987/)