Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында 5 жасар бүлдіршінді зорлады деп айыпталған 62 жастағы азамат тергеу изоляторында асылып қалды. Оны жіпке ілініп тұрған жерінен кезекші тауып алған. «Денесінде ешқандай жарақат жоқ, өз-өзіне қол cалған», - дейді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, шілде айында үй ауласында ойнап жүрген 5 жастағы қыз бала жоғалып, оны қала тұрғындары жаппай іздеп, педофилдің пәтерінен тапқан болатын. Күдікті сол жерде тұтқындалып, қамауға алынды. Осы 24 шілдеге қараған түні тас-таяқпен қаруланған жастар тобы күдікпен ұсталған адамды өз беттерімен жазалауға ұмтылып, полиция ғимаратына кіруге әрекеттенген. Олар қақпаны, орындықтарды, полиция ғимаратының аумағындағы шамдарды, терезелердің әйнектерін сындырған. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камералары мен қызметтік автокөлік бүлінген. Бұзақылық әрекеттерді ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушы ретінде 15 адам ұсталды. Тергеу жалғасуда.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сәтбаевтағы 5 жасар қызды зорлады деп айыпталған педофил асылып өлді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132022/)