Жаңа талап бойынша электр энергиясын саудалауда арада делдалдар болмауы тиіс. Ал қазіргі заңнамаға сәйкес электр энергиясын аукционнан трейдерлер өндірушілерден бір кВт/сағатты 2-3 теңгеден сатып алады. Сөйтіп оны бірнеше есе қымбатқа өткізеді. Энергия аймақтарға жеткізу үшін оған тасымалдау құны тағы қосылады. Осылайша, бір кВт/сағаттың бағасы 15 теңгеге бір-ақ барады. Сол үшін электр энергиясын арадағы делдалсыз сату ұсынылып отыр.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Электр энергиясы 4 теңгеге арзандауы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132045/)