Маңғыстауда бір күнде 9 адамға пневмония диагнозы қойылды. Бұл ақпаратты облыстың бас санитар дәрігері мәлімдеді. Кеше провизорлық орталыққа 14 науқас жатқызылған. Оның ішінде 9 адамнан пневмония анықталды. Ал бүгін тағы 3 адамнан қатерлі індет табылған. Сонымен стационарда қазір 53 науқас емделіп жатыр. Жалпы, аймақта пандемия басталғалы 3300-ден астам адам коронавирус инфекциясына шалдықты. Оның - 97 пайызы жазылып шықты. 72 адам қайтыс болды.
Жамал Жаманбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:Екінші толқынның басталуы алыс емес. Өйткені ауру жұқтырғандар көбейіп келеді. Сондықтан біз төсек-орындарды көбейте бастадық. 1835 төсек-орын дайын тұр.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда бір күнде 9 адамға пневмония диагнозы қойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132060/)