Атыраулық археологтар Қызылқоға ауданындағы Миялы қорғанынан, б.з.д 2-1 ғасырға жататын сармат жауынгерінің қаңқасын тапты. Қабір тоналмаған. 2 метрлік табыттан ежелгі римдік стильдегі темір сауыты бар адамның сүйегі мен ұзындығы 1 метр қылыш шықты. Жауынгермен бірге ағаштан жасалған қалқан мен 40 дана жебе, темір және алтын жапсырмалар, ат әбзелдері, түрлі жоралғыға арналған табақша табылды. Енді құнды жәдігерге бастан-аяқ реставрация жасалады.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында сармат жауынгерінің қаңқасы табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132073/)