Эпидмаусым кезінде денсаулықты күтуге баса мән берген маңызды. Ол үшін жеке бас гигиенасын сақтау керек дейді мамандар. Сондай-ақ жұмыс орны мен бөлмелерді жиі желдетуге шақырды. Әсіресе, қашықтан жұмыс істейтіндер ескеруі тиіс. Қауіпті аурудың алдын алу үшін ақ халаттылар бірқатар кеңесін айтты.
Баян Тұрдалина, Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті:Бетперде тағып, қолын жиі жуып тұруын үйрететін болсаңыз, сіз тек коронавирустық инфекциядан ғана емес, балаңызды эпидмаусымында кездесетін барлық вирустық инфекциядан қорғай аласыз.
Роза Қалдыбекқызы, эпидемиолог:2-3 адамнан жиналмауымыз керек. Топтаспауымыз керек.
Мадина Жолдас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда дәрігерлері сақтық шараларын сақтауға шақырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132081/)