Ресейдің Рязань облысында Желтухино ауылының маңында шөп өртеніп, жалын оқ-дәрі қоймасына түскен. Салдарынан жарылыс болып, 1,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 23 адам жарақат алды. Қорғаныс министрлігіндегілер қазір снарядтар 15-25 минут сайын жарылып жатқанын мәлімдеді.
Дмитрий Булгаков, РФ Қорғаныс министрінің орынбасары:-Эвакуацияланған адамдар қазір арнайы мекемелерде орналастырылды. Шамамен 100 адам. Өртті ауыздықтау үшін 650-ден астам әскери қызметкер, 200-ге жуық техника жұмылдырылды. Себебі анықталуда.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейдің Рязань облысындағы жарылыстан 23 адам жарақат алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132083/)