Жалпы Қырғызстан үшін Қазақстан ірі инвестиция көзі. Бірлескен кәсіпорындар көп. Қазақстандық капиталдың қатысуымен Қырғыз елінде 330-дан астам компания бар. Екі ел арасындағы тауар айналымы биылғы 7 айда 418 млн долларға жетті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 18 пайызға төмен. Алыс-берістің төмендеуіне пандемия әсер еткен.
Қазақстан Қырғыз еліне мұнай өнімдерін, темекі, ұн, минералды су мен цемент экспорттайды. Ал көрші елден кондитерлік өнімдер, әйнек пен пластмасс, сүт өнімдері, киім-кешек, аяқ киім импортталады.
Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:-Біздің экспорт екі жарым есе импортқа қарағанда көбірек. Біз министрлік тарапынан экспортты және тауар айналымын өсіруге барымызды салып жатырмыз.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғыздың 330-дан астам компаниясында Қазақстан капиталы бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132094/)