Солтүстік Қазақстан облысында Ресеймен екі ортадағы 3 автокөлік өткізу бекетінде сақтық шаралары күшейтілді. Уәлиханов ауданындағы «Бидайық», Мамлют ауданындағы «Жаңажол» және Мағжан Жұмабаев ауданындағы «Қарақоға» шекара бекеттерінен ПТР-тест анықтамасы болмаса, жолаушылар ел аумағына өте алмайды. Күн сайын бұл жерлерден 500-ге тарта адам әрі-бері қатынайды. Әрі анықтама тек 72 сағатқа ғана жарамды. Қазақстандықтар бұл сараптаманы бекеттерде орналасқан медициналық пункінде тапсырады. Анықтама алғанға дейін екі тәулікке дейін госпитальға жатқызылады.
Сағындық Сәбитұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ел аумағына ПТР анықтамасыз кіргізбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132097/)