Премьер-Министр Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен және өзге де ірі компания басшыларымен жолықты. Кездесуде өңдеу өнеркәсібіндегі бірлескен жобалардың жай-күйі мен келешегі, Еуразиялық экономикалық одақ аясында сауда-саттықты арттыру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ Үкімет басшысы жасанды интеллект пен робототехника, денсаулық сақтау, білім беру, логистика салаларында қолданылатын ең озық жобаларымен танысты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Асқар Мамин Мәскеуге жұмыс сапарымен барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132105/)