![Қазақстанда бір күнде екі адам КВИ белгісі бар пневмониядан көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/9/1602215915198.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ведомствоаралық комиссия тоғызыншы қазан күні ел бойынша тіркелген науқастардың саны мен өлім-жітім статистикасын ұсынады.
«Тоғызыншы қазан күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырған 241 адам тіркелді, 2 өлім-жітім бар. Оған қоса 25 адам емделіп шықты», - деп хабарлады комиссия.
Жалпы, бірінші тамыздан бері Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен 34 384 адам ауырса, 364 көз жұмған. Жазылып шыққандардың саны 27 597 адамға жетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда бір күнде екі адам КВИ белгісі бар пневмониядан көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132110/)