![Нұр-Сұлтанда карантин күшейіп, күні-түні рейд жүреді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/10/9/1602233153820.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада коронавирустың екінші толқынына дайындық және мобильді топтардың жұмысы пысықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мобильді топтардың жұмысын күшейтуді, кәсіпкерлік субъектілеріне күндіз-түні рейдтер жүргізуді, карантин бұзған адамдарды жауапкершілікке тартуды тапсырды.
«Сонымен қатар, COVID-19 екінші толқыны болған жағдайда дәрі-дәрмек тапшылығына және дәріханаларда бағаның өсуіне жол бермеу қажет. Жауаптылар дәрі бағасын қатаң бақылауға алуы керек. Басқа елдерден келетіндер үшін міндетті ПТР тестілеу қажет», – деді Б.Макен.
Маска тағу тәртібін сақтамаған азаматтарға да шара қолданады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда карантин күшейіп, күні-түні рейд жүреді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132114/)