Ақмола облысында үй құстарын вакцинациялау жұмысы аяқталды. Өңірге берілген дәрі-дәрмек толық игерілген. Барлығы 280 мыңнан астам құсқа екпе жасалды. Аймақта қырылған құстардың саны 2,5 мыңнан астам. Барлығы облыстың 15 ауданында құстардың қырылуы тіркелді. Сараптама арқылы оның 11-інде індет расталды. Қазір карантин жарияланған елдімекендерде республикалық эпизоотияға қарсы жасақ мамандары жұмыс істеуде. 7 елді мекенде 3600-ге жуық құстың көзі жойылды. Ал өтемақы төлеу бойынша комиссия жұмыс істеуде.
Талғат Жүнісов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:25 елді мекенде тіркелсе, соның 18-і экспертиза арқылы дәлелденіп отыр. Сол 18-дің, 15-інде жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында құстарды вакцинациялау жұмысы аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132119/)