Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Қырғыз еліндегі оқиғаларға байланысты бірлескен мәлімдеме жасады. Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Президенттері бауырлас елде болып жатқан оқиғаларға қатты алаңдап отырғанын айтты. Ел басшылары Қырғызстандағы тыныштық – өңірлік қауіпсіздік пен Орталық Азиядағы орнықты дамудың маңызды факторы екенін атап өтті.
«Қырғызстанның барлық саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдары бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін күш-жігерін біріктіріп, туындаған мәселелерді Конституция мен ұлттық заңнаманы сақтай отырып шешеді деп үміттенеміз», - деп жазылған мәлімдемеде.
Сондай-ақ ел басшылары бір ауыздан «Орталық Азиядағы ынтымақты одан әрі жандандыру мақсатында біз Қырғызстан халқының бірлікке, бейбітшілікке, дербес дамуға және өркендеуге деген ұмтылысын үнемі қолдаймыз» деген үндеуін жеткізді.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Орталық Азия елдерінің президенттері бірлескен мәлімдеме жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132128/)