Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев кқаласы карантинге жабылды. Соңғы екі аптада ауданда коронавирус жұқтырған 24 адам анықталған. Оның 15-і - Булаев тұрғындары. Сондықтан қала сыртына 4 бекет қойылып, кіріп-шығу қатаң бақылауға алынды. Кешкі сағат 19-00-ден кейін кәмелеттік жасқа толмаған балалардың, ал 22-00-ден кейін ересектердің үйден шығуына шектеу қойылды. Яғни, тұрғындардың жақын маңайдағы дүкен мен дәріхана және емдеу мекемелерінен басқа нысандарға баруына тиым салынады.
Сағындық Сәбитұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-дағы Булаев қаласы карантинге жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/132134/)